Тауар бір рет енгізіледі, әрі қарай ол кассаға, кіріске және есепке өзі түседі. Міндетті түрде керегі — атауы мен сату бағасы.
Қолмен
- «Тауарлар» бетін ашып, «Тауар қосу» түймесін басыңыз.
- Атауын дауыстап қалай атасаңыз, солай жазыңыз: іздегенде де солай іздейсіз.
- Сату бағасын көрсетіңіз. Қанша тапқаныңызды көргіңіз келсе, сатып алу бағасын да жазыңыз — оны сатушы көрмейді.
- «Бастапқы қалдық» — сөреде қазір қанша бар. Кіріспен енгіземіз, толтырмаса да болады.
- «Сақтау» түймесін басыңыз.
Тауар кодын ойлап табудың қажеті жоқ: өрісті бос қалдырсаңыз, ТОВ-0001 түріндегі нөмірді өзіміз береміз.
Дауыспен
Іздеу жолындағы микрофон белгісін басып, тауарды атаңыз да, сөйлеп болғанша түймені жібермеңіз. Сөзді сервер таниды, сондықтан интернет керек.
Фотомен
Тауар картасында «Фото қосу» түймесін басып, камерамен түсіріңіз немесе галереядан таңдаңыз. Бірінші фото басты болады: ол каталогта, кассада және дүкен бетінде көрінеді. Ретін сүйреп өзгертуге болады.
Штрих-кодпен
Іздеу жолындағы штрих-код белгісін басып, камераны қаптамаға бағыттаңыз. Ондай код каталогта әлі болмаса, қосымша тауар енгізуді ұсынады да, кодты бірден қояды.