Есеп өзі есептеледі, ештеңе толтырудың қажеті жоқ. Оны тек Қожайын көреді.
Есепте не бар
- Күндік түсім — кассадан өткеннің бәрі, қарызға сатылғанмен қоса.
- Бөлініс: қолма-қол, Kaspi, қарызға. Аралас төлем түсімге кіреді, бірақ бөлініске түспейді.
- Сатылған позиция саны және күннің үздік тауарлары — не өтіп жатыр, не жатып қалды.
Кезең экранның жоғарғы жағында ауысады: бүгін, кеше, апта, ай немесе өз аралығыңыз.
Күнді жабу
Сауда біткен соң, кешке «Күнді жабу» түймесін басыңыз. Қосымша сол сәттегі түсімді, бөліністі және қалдықты суретке түсіріп сақтайды.
Жабылғаннан кейінгі сатылымдар бұл суретке кірмейді, бірақ жоғалмайды — олар келесі күнге кетеді. Күнді жабу міндетті емес: есеп онсыз да жұмыс істейді.