Қарыз — сатып алушы тауарды алып кетіп, ақшаны кейін беретін жағдай. Қарыздарды тек Қожайын көреді: сатушыға олар көрінбейді.
Сатудан
Чекті әдеттегідей жинап, «Төлеу» түймесін басыңыз да, «Қарызға» тәсілін таңдаңыз. Қарыз алушының атын, телефонын және қайтару мерзімін жазыңыз — қарыз «Қарыздар» бетінде тауар тізімімен бірге өзі пайда болады.
Сатусыз
«Қарыздар» бетін ашып, «Қарыз жазу» түймесін басыңыз: аты, сомасы, мерзімі. Дәптерден келе жатқан ескі қарыздар осылай жазылады.
Ақшаны әкелгенде
- Тізімнен қарызды ашыңыз.
- «Төлем енгізу» түймесін басыңыз.
- Қанша алғаныңызды жазыңыз немесе «Толық өтеу» түймесін басыңыз.
Қарызды бөліп-бөліп өтеуге болады: қалдық қайта есептеледі, ал төлемдер тарихы картада сақталады. Мерзімі өткен қарыздарды қосымша өзі ерекшелеп, қоңырау белгісімен еске салады.